09 Маусым 2017, 05:00
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сингапур Республикасы Парламентінің Спикері Халима Якобпен кездесу өткізді.
Кездесу аясында сауда-экономикалық сала мен бизнеске қолдау көрсету мәселелері, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастық кеңінен талқыланды.
Бұдан өзге, тараптар Сингапур мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық арасындағы Еркін сауда туралы келісімге қол қою перспективасын, «Қазақстан-Азия-Тынық мұхиты сауда-инвестициялық палатасы» үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымы қызметтерінің нәтижесін, сонымен қатар Сингапурдың «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы мәселелерін қарады.
Анықтама:
Сингапур Халықаралық көрмелер бюросының мүшесі емес, алайда Сингапур басшылығы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шешім қабылдады. ЭКСПО-2017 Сингапур үшін Ванкувер (1986), Брисбен (1988), Севилья (1992), Ганновер (2000), Нагоя (2005), Шанхай (2010) және Йосудан (2012) кейінгі 8-ші көрме болады.
Сингапур павильонының ұраны «Шағын қала – Үлкен идеялар (Small City – Big Ideas)» болады, онда Сингапурдың жаңартылатын энергетика саласындағы соңғы әзірлемелері ұсынылады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу