ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы облысының әкімі А. Баталовтың су деңгейінің көтерілу жағдайына байланысты айтқан мәліметін тыңдады

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өңір әкімі А. Баталовтың Қарасай ауданының Қырғауылды ауылындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпаратын тыңдады.

Премьер-Министр Б. Сағынтаев облыс әкімі А. Баталовқа ҚР ІІМ-мен бірлесіп, оқиға салдарын жоюдың қажетті шараларын қабылдап, аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Алматы облысының Қарасай ауданының Қырғауылды ауылында орналасқан, осы аттас өзені жауын-шашынның мол жаууының салдарынан арнасынан тасып, су деңгейінің көтерілу мәселесі орын алған болатын. Соның нәтижесінде Қырғауылды ауылының бірқатар учаскесінде, сондай-ақ облыстық маңызға ие «Алматы - Жандосова» трассасында су тасқыны орын алды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу