ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов пен АДБ президенті Т.Накао Қазақстанның Азия даму банкімен ынтымақтастығы мәселелерін талқылады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Азия даму банкінің (АДБ) президенті Такехико Накаомен кездесті.
Олар Қазақстан мен АДБ-нің қаржы-инвестициялық саладағы, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы, шағын және орта бизнес секторын дамытудағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстанның бәсекеге қаблеттігін арттыру және экономиканы үдемелі әртараптандыру мақсатына қол жеткізудегі АДБ-ның рөлі атап өтілді. Тараптар сондай-ақ экономикалық әртараптандыру, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатындағы ынтымақтастығын күшейту бойынша бүгінгі қол қойылған ҚР Үкіметі мен АДБ арасындағы әріптестік туралы шектелмелі келісім нәтижесіне қанағаттанғандықтарын білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз