Премьер-Министр Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүр.

Жаңаөзенде Үкімет басшысы бюджет саласының  қызметкерлеріне және жас отбасыларға «Рауан» ықшамауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілттерін табыс етті. Жаңаөзен  қаласын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында салынған 200 пәтерлік үй барлық инженерлік инфрақұрылыммен   қамтамасыз етілген.

«Жаңаөзен  қаласын дамыту мәселесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ерекше бақылауында, сондықтан да бұл мәселе бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасын табады», - деді С.Ахметов   тұрғын үй кешенін  пайдалануға беру рәсімінде сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысы «Өзен Дархан» ЖШС-нің  жылыжай кешенінде  де болды. Жаңа жылыжайда жыл бойына көкөніс өсіру жоспарлануда,  бұл бастама  ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жаңаөзенде С.Ахметов «Өзенмұнайгаз» АҚ «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» базасының мұнайшыларымен кездесті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу