ҚР Премьер-Министрі ресми сапармен Украинаға кетті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ресми сапармен Украинаға кетті.

Киевке жеткен соң С.Ахметов Украина Президенті В.Януковичпен және Премьер-Министр Н.Азаровпен кездеседі деп жоспарланған.

Қазақстандық-украиналық келіссөздер қортындысы бойынша екі жақтық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту жөніндегі ортақ құжаттарға қол қойылады. Олардың негізгісі 2013-2014 жылдарға арналған Қазақстан-Украинаның бірлескен іс-қимыл жоспары болмақ. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу