ҚР Премьер-Министрі Қазақстан мен Латвияның бизнес шеңберлерінің ынтымақтастық перспективаларын атап өтті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньш Астанада ашылған Қазақстан-Латвия бизнес-форумына қатысып, сөз сөйледі. 

ҚР Үкіметінің басшысы екі ел кәсіпкерлерінің әріптестігі үшін үлкен перспективалар бар екенін айта келіп, «екіжақты қарым-қатынастың қазіргі әлеуетін барынша іске қосуды» ұсынды. 

                                 

С.Ахметов сондай-ақ қазақстандық және латыш кәсіпкерлерін бизнес байланыстарды жандандыра түсуге, индустриалды сектор, агроөнеркәсіптік кешен, қайта өңдеу салалары мен туризм сферасында бірлескен кәсіпорындар құруға шақырды.

«Біздің есігіміз бизнес-идеяларыңыз бен инвестицияларыңызға ашық. Елімізде бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алатын, жаңа технологияға арқа сүйейтін бірлескен кәсіпорындар құру үшін барлық жағдай бар», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Латвия Президенті сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды мейлінше тереңдету қажет екенін атап көрсетті.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу