ҚР-да әуежайлар мен вокзалдарды заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекітіледі

Әуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекіту бойынша шаралар қабылдау қажет, деп мәлімдеді бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов.

«Инвестициялар және даму министрлігіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігімен, «Самұрық-Қазына» қорымен бірге әуежайларды, авто- және теміржол вокзалдарын заманауи тексеру жүйелерімен жабдықтау бойынша бірыңғай техникалық талаптар бекіту бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді К.Мәсімов. 

Сондай-ақ, Премьер-Министр Қорғаныс министрлігіне ҰҚК, ІІМ және Қаржы министрлігімен бірге «бір аптада үлкен жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақтарды сатып алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуді» тапсырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу