ҚР Премьер-Министрі Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындарын аралады

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 8 640 бас ірі қараға арналған «Кроун Батыс» ЖШС-ның мал бордақылау кешенінде болды. Мұнда Үкімет басшысына өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың перспективалық жоспары таныстырылды.



Премьер-Министр Батыс Қазақстан машина жасау компаниясында болып, мұнайгаз және энергетикалық құрал-жабдықтар өндірісін көрді. «БҚМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы А.Ахмеджанов С.Ахметовке өндірістің технологиялық желілерін таныстырып, өнім шығару бойынша жаңа жобалар туралы айтып берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу