ҚР Премьер-Министрі Еңбек министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Т.Дүйсенованы таныстырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Тамара Дүйсенованы таныстырды.
«Президенттің Жарлығымен Дүйсенова Тамара Босымбекқызы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол Министрлік жүйесінде 2002 жылдан бері қызмет етеді. Көптеген жылдар жергілікті атқарушы органдарды жұмыс істеді», - деді С.Ахметов.
«Сіздердің Министрліктеріңіздің алдында шешуді қажет ететін маңызды міндеттер тұр. Мемлекет басшысы «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға қол қойғанын білесіздер. Алда, Заңды жүзеге асыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр», - деп атап көрсетті С.Ахметов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасын сапалы орындау қажеттігін атап айтты.
«Мен Мемлекет басшысы мен Сіздерді, Министрлік ұжымы қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін бар күшін салады деп сендіремін», -деді Т.Дүйсенова.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз