ҚР Премьер-Министрі Атырау облысының жаңа әкімін таныстырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Нұрлан Ноғаевты ұсынуы туралы хатын оқыды. Ұсынылған кандидатураны депутаттар бірауыздан қолдады. 

Өңірдің активімен кездесуде Үкімет басшысы Нұрлан Ноғаевты таныстырып, оның ҚР Президентінің Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылғанын және Атырау облысының әкімі болып тағайындалғанын хабарлады. 

Сондай-ақ К.Мәсімов облыстың бұрынғы әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетовке жемісті жұмысы үшін алғысын айтып, жаңа қызметінде табыстар тіледі. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу