ҚР Премьер-Министрі Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барып, алдымен Орал қаласы Халықаралық әуежайының ұшып-қону алаңының жай-күйімен танысып, әуежай басшылығымен оны жаңғыртудың мәселелерін талқылайды.



Өңірге келу барысында Үкімет басшысының Жайық өзенінің Бөрлі ауданы, Облавка ауылының тұсынан өтетін бөлігінің жағалауын ұшақпен бақылауы, Қарашығанақ мұнайгаз кен орнындағы технологиялық процестермен танысуы жоспарлануда. 

С.Ахметов сапар барысында Зеленов ауданы Янайкино ауылындағы ет және ет өнімдерін өндіріп, өткізуге маманданған «Кроун Батыс» ЖШС-на ат басын бұрады.

Үкімет басшысы Оралдағы Батыс Қазақстан машина жасау компаниясына барып, онда тектес өндірістерді дамыту және ірі өндіруші компаниялардың төңірегіндегі қызметтер мен жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу