ҚР Премьер-Министрі Минск қаласында өтетін ТМД елдері Үкімет басшыларының отырысына қатысады

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов үстіміздегі жылдың 31 мамырында Минск қаласында өтетін ТМД елдері Үкімет басшыларының кезекті отырысына қатысады.

Отырысқа қатысатындар ТМД елдерінің 2020 жылға дейінгі кезеңдегі инновациялық ынтымақтастығы Мемлекетаралық бағдарламаларының жүзеге асырылу барысын қарап және осы саладағы пилоттық жобалардың тізбесін анықтайтын болады.

Сондай-ақ, Теміржол көлігіндегі лаңкестікке қарсы әрекет тұжырымдамасын бекіту; 2020 жылға дейін Дене шынықтыру мен спортты дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары; 2013-2017 жылдарға арналған радионавигацияларды дамытудың негізгі бағыттары (жоспары) бекітілмек.

Бұдан басқа, бірқатар мемлекетаралық Келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметовтің Минскіде достастық елдері Үкімет басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланып отыр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу