ҚР Премьер-Министрі көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов селекторлық режимде көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері қаралған кеңес өткізді.
«Су тасқыны әзірге шегіне жеткен жоқ»,- деген С.Ахметов «бүкіл еліміз бойынша тасқын қауіпінің бар екенін, әсіресе, оның шығыс және орталық өңірлерде, оңтүстік облыстарда сақталып отырғанын» атап көрсетті.
Осыған байланысты Үкімет басшысы ҚР төтенше жағдайлар министрлігі, облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдері сонымен бірге мүдделі органдарға республикада су тасқынының жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізуді ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, С.Ахметов «барлық техникаларды жұмылдыру, қар тазалау жұмыстарын күшейтіп, қоғамдық сенбіліктер өткізу қажеттігіне» тоқталды.
Бұл жұмыстарды үйлестіріп отыру және оның орындалу барысы туралы уақытында ақпараттандыру ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз