09 Қаңтар 2013, 07:24
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте «Қазақстан темір жолы» АҚ 2012 жылғы жұмысының қортындысы шығарылып, 2013 жылға арналған басымдықты міндеттері талқыланды.
Кеңеске «ҚТЖ» -ның еншілес ұйымдары, сондай-ақ темір жол бөлімшелері, магистралды желілер басшылары, поездар қозғалысы қауыпсіздігі бойынша өңірлік ревизорлар қатысты.
Кеңесте сөйлеген «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин « 2012 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша жоспарды орындағанын айтты.
«Нақтылай айтқанда, тарифтік жүк айналымы 235 млрд. тонна-шақырымнан көп болса, ол былтырғы көрсеткіштен 5,4% -ке артық. Жолаушылар тасымалы көрсеткіші өткен жылғыдан 14% -ке жоғары болды, ал компанияның табысы 15,7% -ке өсті,-деді Асқар Мамин.
«ҚТЖ» басшысы көліктік активтер және инфроқұрылымдық нысандарды жаңалау мен жаңғырту бойынша кешенді шаралардың жасалып жатқанын хабарлады.
ҮИИДМБ-ын жүзеге асыру аясында General Electric, Alstom, Talgo, Siemens- пен бірлесіп жоғарғы экспорттық әлеуетті жоғарғытехнологиялық өнімдер шығаратын 9 ірі зауыт салынды.
Кеңес барысында А. Мамин өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді көтеру мен 2010-2014 жылдарға арналған көлік инфроқұрылымдарын дамыту Бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі «ҚТЖ»ҰК»АҚ-ын дамыту Стратегиясын жүзеге асыру шаралары жоспарын орындаудың 2013 жылғы міндеттері туралы хабарлады.
Кеңес жұмысын қортындылай келе, Серік Ахметов «ҚТЖ»ның 2012 жылғы жұмысына оң баға берді. «Негізгі өндірістік-қаржылық көрсеткіштер мен жоспарланған іс-шаралар орындалды. Көп жағдайда экономиканың барлық секторын дамыту көлік саласының жатық та тиімді жұмысына байланысты»,- деді Премьер-Министр.
Үкімет Басшысы «ҚТЖ»ҰК» АҚ алдына бірқатар міндеттер қойды. Нақтылай айтқанда, «теміржол тасымалын жаңғырту,инновация енгізу мен көліктік машина жасау» саласын одан әрі дамыту қажеттігіне назар аудартты.
«ҚТЖ»-ға жолаушылар тасымалы сервисі мен жүк қызметі сапасын арттыру жұмысымен тұрақты айналысу керек. Ел экономикасының барлық секторын дамыту көлік саласының жатық та тиімді жұмысына байланысты»,- деп түйіндеді С. Ахметов.
Үкімет Басшысы «ел ішінде және шет елдерде аумақта көлік-логистикалық орталықтар желісін құру бойынша кешенді жоспарлар жасау» керектігін тапсырды. «Сыртқы нарыққа одан әрі бет ала түсу үшін ел ішінде сондай-ақ оның сыртында да терминалдық-сервистік инфроқұрылымдарды дамыту қажет»,- деді.
Сонымен қатар, С. Ахметов үстіміздегі жылы инфроқұрылымдық қызметтер көрсететін Ұлттық теміржол жүк тасымалдаушы мен компаниялар құруды аяқтауды тапсырды.
«Саланы мақсатты моделі аясында жолаушылар тасымалы мәселесін реттеу мен саланың реттелуге жататын секторын инфроқұрылымдарға қызмет көрсету деңгейіне дейін қысқарту қажет», -деді С. Ахметов.
Премьер-Министр еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту бойынша «ҚТЖ»-ның алдында тұрған міндеттерді ең жоғарғы тиімділікпен жүзеге асыратынына сенім білдірді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу