ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмыспен қамту мәселелері бойынша берген тапсырмаларын іске асыру туралы кеңес өткізді.

Кеңес барысында 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған ақысыз кәсіби-техникалық білім беру» жобасын енгізу, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларын және тұрғындарға шағын несие беру іс-шараларын әрі қарай жетілдіру мәселелері талқыланды.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу