ҚР Премьер-Министрі АЭФ аясында Македонияның үкімет басшысымен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов VI Астана экономикалық форумы аясында Македонияның Премьер-Министрі Никола Груевскимен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жайы мен перспективасын талқылады.

Македонияны Балқан түбегіндегі маңызды әріптес деп атаған Қазақстан Үкіметінің басшысы «Екі елде де өзара тиімді экономикалық іс-қимылды дамыту, көлік-транзит, энергетика салаларындағы байланыстарды кеңейту, экономиканың түрлі салаларында бірлескен кәсіпорындар құру үшін үлкен әлеует бар», - деді.

Осыған орай С.Ахметов «екіжақты ынтымақтастықтың басымдықты бағыттарын анықтайтын «Жол картасын» қалыптастыру бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды». 

Н.Груевский Қазақстан Премьер-Министрінің пікірін қуаттай отырып, «Қазақстан мен Македония ынтымақтастығының бұдан да жоғары сапалы деңгейге көтерілуге мүмкіндіктерінің зор екенін» айтты. 

Македонияның Премьер-Министрі өзінің қазақстандық әріптесін өз еліне сапармен келіп қайтуға шақырды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу