ҚР Премьер-министрі Цзянсу провинциясы Халықтық Үкіметі Төрағасының м.а. Ши Тайфэнмен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Цзянсу провинциясының Ляньюньган қаласына барды.

Үкімет басшысы Цзянсу провинциясы Халықтық Үкіметі Төрағасының міндетін атқарушы Ши Тайфэнмен кездесті.

Өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық және көлік-логистикалық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, атап айтқанда Қазақстан-Қытай логистикалық паркі арқылы Ляньюньган портына жүк ағынын ұлғайту перспективалары талқыланды.

Осы күні К.Мәсімов Қазақстан-Қытай логистикалық паркі қызметімен танысты. Сапар соңында Үкімет басшысы Дуйсбург қаласына (ГФР) тағайындаумен ҚР, РФ, БР аумақтары бойынша Ляньюньган бағдарымен алғашқы контейнерлі пойызды жөнелтуге рұқсат берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу