ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елорда инфрақұрылымының ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлігін тексерді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жаңа темір жол вокзалының, Астананың халықаралық әуежайының жаңа терминалдарының, «Жасыл орам» және «Әбу-Даби Плаза» кешендерінің, «Талдыкөл» кәріз тазарту ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Астана бүгінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуына белсенді дайындалуда. Елорда инфрақұрылымының нысандары қала тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету және ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарының қолайлы өмір сүруі үшін үлкен рөл атқарады.  

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу