ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов ККМ және Байланыс және ақпарат агенттігі ұжымдарына олардың басшыларын таныстырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Көлік және коммуникация министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігі ұжымдарына олардың жаңа басшыларын таныстырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Көлік және коммуникация министрі болып Жеңіс Қасымбек, Үкіметтің қаулысымен Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды.
С.Ахметов А.Жұмағалиевке Көлік және коммуникация министрлігі басшысы қызметінде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, оның кәсіби біліктілігінің жаңа мемлекеттік орган жұмысын жедел ұйымдастыруға және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге көмектесетініне сенім білдірді.
Премьер-Министр Ж.Қасымбек пен А.Жұмағалиевке алда тұрған міндеттерді шешу барысында табыстар тіледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз