ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов әуе апатында қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты

Бүгін тау-кен саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңесті аша отырып, ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов әуе апатынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Кеше Шымкент қаласына қону кезінде ҚР Шекара қызметінің әскери - жүк ұшағы құлады. 27 адам, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы, әскери қызметкерлер мерт болды. Бұл – олардың туыстары мен жақындары үшін, еліміздің Қарулы Күштері үшін орны толмас үлкен қайғы. Бұл – барша қазақстандықтар үшін ауыр қаза. Әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстарына, жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын»,- деді С.Ахметов.

Кеңеске қатысушылар қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу