ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады.

Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығындағы, қайта өңдеу саласындағы, индустриалды сектордағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Үкімет басшысы атап көрсеткендей, «іскерлік байланыстарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияларды дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған».

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу