ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов мерекелік күндері қолайсыз жағдайларға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мерекелік демалыс күндері қолайсыз жағдайларға жол бермеу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ағымдағы жағдайлар туралы Төтенше жағдайлар министрі В.Божко, Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев, Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары А.Рау баяндады.

Үкімет басшысы мереке кезеңінде қолайсыз жағдайларға жол бермеу және қалыпты тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін айрықша бақылауға алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға өкім етті.

Кеңес қортындысы бойынша Премьер-Министр өкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу