ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Назарбаев Университетінде болды

27 қазан, сенбі күні  ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Назарбаев Университетінде болып, оқу мекемесінің бірқатар нысандарын аралады.

 Атап айтқанда, Үкімет басшысы ғылым және технология, инженерия, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектептерінің, қазақ тілі кафедрасының жұмысымен танысып, зертханалар мен заманауи кітапхананы аралады.

Назарбаев Университеті– ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада ашылған  жоғары оқу орыны. Халықаралық деңгейдегі университет автономия және академиялық еркіндік ұстанымымен жұмыс істейді. ЖОО барлық академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламалары әлемнің үздік отыз жоғары оқу орындарының қатарына енетін университеттермен және халықаралық ғылыми ұйымдармен ресми серіктестікте жүзеге асырылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу