ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мәжілістің пленарлық отырысына қатысып, онда «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қарастырылды.

Бюджет жобасын Экономикалық даму және сауда министррі Ерболат Досаев, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқовтар таныстырды.   

Спикерлер атап өткендей, заң жобасы шығыстарды оңтайландыру жолымен кірістің шығындарын жабу арқылы бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. 2012 жылғы республикалық бюджетті қайта қарауға негіз болған 2012 жылдың 9 айындағы нақты түсімдерді есепке ала отыырып,  макроэкономикалық көрсеткіштер мен есептердің параметрлерін нақтылау.

2012 жылға арналған республикалық бюджет кірісінің нақтыланған болжамы (трансферттердің түсуінсіз)  3,212 трлн теңгедем астам сомада анықталған. Республикалық бюджеттің түсімі 51 млрд теңгеден артық  сомаға ұлғайды, сыртқы сауда айналымының көлемі  37 млрд теңгеден астам соманы құрады.

Пленарлық отырыс шеңберінде депутаттар үкімет мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің жауапкершілігі туралы сұраққа жауап бере келіп, С.Ахметов «Бюджеттің орындалуы тәртібі мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында» деп атап өтті.

«Биыл Парламент бюджет үрдісіне қатысушылардың жауапкершілігін күшейту туралы заң қабылдады. Заңда бюджетті орындау тәртібі үшін жауапкершілік күшейтілген. Біз нақтыланған бюджетті қабалдып отырмыз, оны қабылдағаннан кейін бюджет қаржысының игерілмеуіне жол берген бюджеттік бағдарламалар әкімгерлеріне тиісті шаралар қолданылатын болады», - деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы  депутаттардың бюджетті қысқарту туралы қауіптерін де сейілтті.

«Бұл бюджет қысқартылған жоқ. Егер қысқарту болатын болса, онда біз Парламентке барамыз да: ие, уақыт жетті, қысқарту керек, деп ашық айтамыз. Аталмыш бюджет нақтыланып отыр, ал кейбір қаржыны қайта таратудамыз», - деп түсіндірді Министрлер кабинетінің басшысы.

Пленарлық отырыс нәтижесі бойынша, Мәжіліс депутаттары «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қабылдауға дауыс берді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу