ҚР Премьер-Министрі Испанияның Көлік және коммуникация министрімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Испанияның көлік, инфрақұрылымдар және коммуникацияларды дамыту министрі Ана Мария Пасторды қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары, көлік және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.

«Испаниямен арамызда дәстүрлі достық қарым-қатынас орнаған. Бізде көптеген бірлескен жобалар, атап айтқанда, көлік саласындағы бірлескен кәсіпорын жемісті жұмыс істеп келеді»,-деді С.Ахметов.

Ол сонымен қатар өзара іс-қимылды одан әрі арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде А.Пастор Қазақстан мен Испания арасында тамаша өзара қарым-қатынас орнағанына тоқтала келе, «Біз қазір жемісті әріптестік кезеңінде тұрмыз. Біз үшін Қазақстан Орталық Азия аймағындағы өте маңызды әріптес және үлкен досымыз»,-деп атап көрсетті.


Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу