ҚР Премьер-Министрі Алматы маңында әуе апаты кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Бүгін  ҚР  Премьер-Министрі  Серік Ахметов ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген мәжілісін ашу барысында қатысушылардан Алматы маңында әуе апаты кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алуды өтінді.


«Алматы түбіндегі әуе апаты кезінде адамдардың қаза табуына байланысты Мемлекет басшысының жарлығымен  31 қаңтар елде ұлттық аза тұту күні ден жарияланды. Қаза тапқандардың отбастары мен жақын-жуықтарына көңіл айтамыз», - деді С.Ахметов бүгін Астанада БҒМ алқа мәжілісін ашу барысында.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу