ҚР Премьер-Министрі Мемлекет Басшысының берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын тыңдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңесте берген тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттік органдар басшыларының баяндамаларын тыңдады.

Атап айтқанда, Президенттің перспективалық ұлттық кластерлерді қалыптастыру, Ұлттық даму агенттігін құру, дағдарысқа қарсы іс-әрекет, банк және қаржы жүйесін дамыту, энергетика, табиғатты пайдалану, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бойынша берген тапсырмаларын орындаудың міндеттері мен мерзімдері анықталды.

Үкімет Басшысы мемлекеттік органдар басшыларының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу