ҚР Премьер-Министрі бірінші жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын тыңдады

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен елдің экономикалық дамуына арналған Үкімет отырысы өтуде.

«6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын тыңдадық», деп жазды К.Мәсімов өзінің твиттердегі аккаунтында.

Отырыс барысында белгілі болғандай, экономикада оң динамика сақталған: 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ІЖӨ өсімі 0,1% құрады. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың айтуынша, бұл өсімге «Нұрлы жол» және индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы сеп болған.

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында орташа айлық атаулы жалақы 133,5 мың теңгені құрап, номиналды көрсеткішінде 9,9% артқан.

Құрылыс жұмыстарының көлемі өнеркәсіп нысандарының құрылысы мен тұрғын үй құрылысын арттыру есебінен 6,6% артқан. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім өсімі мал шаруашылығы өндірісін арттыру есебінен 2,7% құрады.

Несиелендіруді арттыруды жаңғырту байқалады. 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында екінші деңгейлі банктермен қайта берілген несиелер көлемі 3,7 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,7% артық.

Ел аймақтарында да өсім байқалады. Экономикалық көрсеткіштері бойынша көш басында Ақмола (6,5%), Оңтүстік Қазақстан (5,3%) Шығыс Қазақстан (4,3%) облыстары. Атырау (123,7%), Батыс Қазақстан (17,4%) облыстары мен Астана (35,1%) қаласында құрылыс қарқынының артуы байқалады.

Сонымен қатар аймақтарда бірқатар ірі нысандар құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жолдарының құрылыс аяқталды. Қызылорда облысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының және «Жезқазған-Сексеуілді» темір жолының құрылысы аяқталды. Алматы облысы Қарасай ауданында «Асыл арман» тұрғын үй құрылысы бойынша негізгі жұмыс көлемі, «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Өскемен». «Алматы-Қорғас» жолдарының реконструкциясы аяқталды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу