05 Желтоқсан 2012, 11:37
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
«ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қырғызстанға сапарынан кейін біздің елдеріміздің арасындағы екі жақты қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Қырғызстан бұдан кейін де Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытып әрі нығайта беретін болады. Біз сіздің елдің бізге көрсетіп отырған қолауын өте жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті кездесу барысында А.Атамбаев.
Өз кезегінде, С.Ахметов екіжақты қарым-қатынастың үйлесімді әрі тұрақты дами беретініне сенім білдірді. «Қазақстан Қырғызстанмен сауда-экономикалық байланысты кеңейтіп және нығайтуға мүдделі», - деп мәлімдеді Қазақстан Үкіметінің басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу