Премьер-Министр С.Ахметов Қостанай облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бүгін
Қостанай облысына жұмыс сапарының аясында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік
бірлестігінің құрылымына кіретін бірқатар кәсіпорынды аралап, өңірдің
өнеркәсіптік әлеуетімен танысты (фото).
«ССКБӨБ» АҚ-ның
Сарыбай карьерінде Үкімет басшысы темір рудаларын өндіру жөніндегі өндірістік
бағдарламаның орындалу барысымен және кәсіпорынды дамытудың перспективаларымен
танысты.
Ал бірлестіктің
жылу-электр орталығында Премьер-Министр стансаның күзгі-қысқы мерзімдегі жұмыс
жағдайымен және оның даму перспективасымен танысты. 1998 жылы Рудный қаласының
жылу-электр орталығы «ССКБӨБ» АҚ-ның сенімді басқаруына берілген болатын.
Рудный қаласын электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту және
кәсіпорында өндірілетін өз электр қуатының көлемін арттыру мақсатында
жылу-электр орталығын кеңейту және жаңарту жөніндегі инвестициялық жоба іске
асырылды.
С.Ахметов
сондай-ақ «ССКБӨБ» АҚ үшін кадрлар даярлау жүйесімен танысу мақсатында
корпоративтік оқу орталығында болды. Үкімет басшысы орталықтың білім
бағдарламаларымен және жаттықтыру сыныптарының мүмкіндіктерімен танысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз