Премьер-Министр С.Ахметов Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін Премьер-Министр С.Ахметов ҚР Президентінің ағымдағы жылы 28 қараша күні Ақордада барлық деңгейдегі әкімдермен болған кездесуде берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді (фото).


С.Ахметов «Елбасы тапсырмаларының жедел атқарылуын ұйымдастырудың» маңызын атап өтті. Осыған орай, Премьер-Министр орталық атқарушы органдардың басшыларына Президенттің тапсырмаларын атқару бойынша нақты нұсқаулар берді.


«Елбасының әр тапсырмасы бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларының сапалы орындалуын ұйымдастыру және олардың іске асырылу барысын қатаң бақылау жөнінде орынбасарларыма тапсырма беремін», - деді Премьер-Министр.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу