Үкімет басшысы C.Ахметов РФ вице-премьері В.Сурковпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі  Серік Ахметов  РФ Үкіметі Төрағасының  орынбасары Владислав Сурковты қабылдады. Тараптар   екіжақты ынтымақтастық  мәселелерін,  оның ішінде   «ЭРА-ГЛОНАСС»  жобасын Қазақстанда   жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.

«ЭРА-ГЛОНАСС» - жол-көлік оқиғаларына ұшыраған автокөлік иелеріне шұғыл шұғыл көмек көрсету жобасы.  Ресейлік жедел әрекет  ету жүйесі  жедел жәрдемнің   және  құтқарушылардың  оқиға орнына жету   уақытын 30% дейін   қысқартуға мүмкіндік береді.

Әңгіме  барысында С.Ахметов,   жалпы үйлестіруге  жауапты   орган ретінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі    аталмыш жүйені қолданысқа  енгізу мәселесі  бойынша жұмыс жүргізіп   жатқанын  айтты.

Ал В.Сурков  кездесу  қорытындысы бойынша журналистерге  берген сұхбатында,  «Қазақстан ынтымақтаспай,   еуразиялық көлік   дәлізі толық   болмайды.  Менің ойымша, Ресейдің  де, Қазақстанның  да аумағында  ГЛОНАСС жүйесінің негізінде   навигациялық  технологиялар   енгізуде ортақ мүдде бар.   Біз  жеңілдіктерге дайынбыз  және  жылдың соңына дейін  өзара іс-қимылдардың  нобайы  белгіленеді деген үміттеміз», деді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу