Премьер-Министрдің бірінші орынбасары кореялық Doosan Enerbility компаниясының өкілімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады 

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Doosan Enerbility компаниясының атқарушы вице-президенті Чон Гван Кимнің кездесуі өтті. Кездесу барысында ынтымақтастықтың ықтимал перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, Doosan Enerbility компаниясы Қазақстандағы энергетикалық мәселелерді экологиялық таза технологиялар арқылы шешудің нұсқаларын ұсынды. Компанияның стансалар салуда және озық технологиялар мен жабдықтарды қолдануда үлкен тәжірибесі бар екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

#Роман Скляр #Халықаралық ынтымақтастық #Энергетика

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу