К.Мәсімовке Талдықорғанда тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндалды

 

Премьер-Министр К.Мәсімов Талдықорғанның Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алабындағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

 


Үкімет басшысына жұмыс барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әбдірайымов, Талдықорған қаласының әкімі Б.Қарасаев пен сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Д.Нұржанов баяндады.

Премьер-Министр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облыстағы жол инфрақұрылымының даму барысы, Алматы облысының газдандырылуы, «Ақ бұлақ» және тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпараттандырылды.

 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу