ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» атты премияға ие болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Дубайда өткен 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында
«Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» - Global Islamic Finance Awards (GIFA) премиясы табыс етілді, деп хабарлады ОКҚ-де. 

«Кеше біз Президентімідің Исламдық қаржыландыру сыйлығының Лауреаты атанғанын қуана естідік. Өздеріңізге де белгілі, Исламдық Экономикалық форумын құру идеясы 2003 жылы пайда болып, 2004 жылдан бастап ең үздік институттар, қолданбалы зертханалар, мекемелер, мемлекет басшылары мен үкіметтер осынау жоғары деңгейдегі атақпен марапатталады. Исламдық қаржыландыру сыйлығының лауреатын алу критерийі мемлекет басшыларының тек ұлттық экономиканы дамытуда қосқан үлесімен шектелмей, сонымен қатар азаматтық білім беру қоғамын құру идеялары мен мәдениетіне байланысты мәселелер кешенін де қамтиды», - дейді ҚР ПАрламенті Сенатының экс-депутаты А.Башмаков.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Дубайда (БАӘ) Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» атағы берілді. Қазіргі таңда исламдық қаржыландыру бойынша «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) халықаралық атағы исламдық банк және қаржы жүйесі саласындағы үздік атақтардың бірі болып табылады. Атақты жыл сайынғы тағайындау және оны табыстау аясында Ислам шариғаты мен исламдық банк және қаржы жүйесі талаптарына сай келетін әлеуметтік жауапкершілікті дамытуды мақсат ететін исламдық банк және қаржы жүйесі саласындағы институттар, бизнес көшбасшылардан тұратын үздік халықаралық және өңірлік тұлғалар марапатталады.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу