07 Ақпан 2017, 09:09
Үкімет отырысында министрлер кабинетінің 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары қарастырылды.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді.
Т. Сүлейменов ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап берді. Ж. Қасымбек инвестицияларды тарту бойынша жұмысты қайта құру аясында наурызда Инвестициялар тарту бойынша стратегия әзірленетінін еске салды. Оны бірінші жартыжылдықта қабылдау жоспарланған. Ақпанда Kaznex Invest базасында Қазақинвест инвесторларымен жұмыс бойынша ұлттық компания құрылады.
Д. Абаев журналистерге отандық өндірістің фильмдері мен сериалдарын тарататын жаңа телеарнаның іске қосылатыны туралы хабарлады.
Баспасөз конференциясында жер қатынастары мәселелері жөніндегі жаңа заңнама туралы көп айтылды. Е. Нысанбаев аталған заң жобасымен жер комиссиясының мәртебесін анықтау, жер учаскелерін бөлу, елді мекендердің жер учаскелерінің мақсатты міндетін өзгерту секілді Жер кодексінің кейбір нормаларын жетілдіру нормалары ұсынылатынын айтты. Вице-министр жаңартылған заң жобасына сәйкес, қазақстандықтардың өз жер учаскелерін шетелдіктерге сатуы шектелгенін растады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу