20 Наурыз 2020, 11:53
ҚР Үкіметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдай режимінде ұйымдардың қалай жұмыс істеуі керектігін айтып берді.
Осыған дейін жұмыс берушілерге карантин кезінде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Вице-премьер атап өткендей, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерге айлық еңбекақы немесе жалақының ең төменгі көлемінде төленуі тиіс.
Анықтама: 112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
Сонымен қатар Ералы Тоғжанов COVID-19 коронавирусы пандемиясының салдарынан Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезеңінде сауда нысандарының қалай жұмыс істеуі керектігі туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа барлық қалалардағы ірі сауда нысандарында мыналар ұсынылады:
Келушілерді тек маскамен кіргізу;
Маскасы болмаған жағдайда келушілерді тегін маска тарату арқылы қамтамасыз ету;
Барлық келушілерге коронавирус профилактикасы бойынша жадынама тарату;
Ірі сауда нысандарының жұмысына санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейтумен сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу қою.
Сауда нысандары аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, басқа да кез келген ойын-сауық алаңдары жабылуы тиіс. Бұл ретте дәріханалар, дүкендер мен бутиктер жұмыс істейтін болады, бірақ оларға санитариялық өңдеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қатаң шараларын сақтау талабы қойылады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу