Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қолданыстағы кассалардың 94%-ы онлайн режимінде жұмыс істейді - Р. Еңсебаев кәсіпкерлік субъектілерінің табысын есепке алу туралы

Жұма, 01 Қараша 2019, 13:41:08

Бүгін ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Р. Еңсебаев онлайн бақылау-кассалық машиналарын (БКМ) қолдану және бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы айтып берді. 

Р. Еңсебаев атап өткендей, «көлеңкелі экономикамен» күресу Қазақстан Үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және микробизнесті табыс салығынан босату қажеттігін айтқан болатын. 

«Сонымен қоса, бизнестің адал және ашық болуы керектігі туралы айтылды, бұл қазіргі нарықтық экономика үшін аса маңызды. Қаржы министрлігі көлеңкелі айналымдарды шығару бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Сауда мен қызмет көрсету нарығы көлеңкелі айналым үлесі тым басым салалар», — деді вице-министр.

2014 жылы Дүниежүзілік банкпен салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасы бойынша бірлескен жұмыс шеңберінде халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес онлайн-кассалық машиналарды пайдалану нормалары жасалып, қабылданды.

Онлайн-БКМ енгізу және мониторинг жүйесіне қосылу 2015 жылдың шілдесінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда: 

  • Онлайн-БКМ-ды өз есеп айырысуларында қолдана бастаған алғашқы субъектілер жанар-жағар май, дизель отынын, алкоголь өнімдерін бөлшек сатушылар болды.
  • 2016 жылдың басынан бастап компьютерлік техника, жиһаз сатушылары, қонақ үйлер, кинотеатрлар, шаштараздар, мейрамханалардың иелері, құрылыс материалдарының көтерме сатушылары жаңа талаптарға сәйкес сауда жүргізіп, қызмет көрсетуге міндетті.
  • 2018 жылдан бастап онлайн-БКМ пайдалануға міндетті тұлғалар тізімі сауда және ломбардтар саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен толықтырылды.
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн-БКМ қолдануға көшудің соңғы кезеңі басталды. Ашық сауда орындарындағы тұрақсыз орын арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер қосылды. Бұл шамамен 15 мың салық төлеуші.

«Бүгінгі таңда тіркелген кассалар саны 535 мың, оның ішінде онлайн БКМ - 505 мың. Қолданыстағы барлық кассалардың 94%-ы онлайн режимінде жұмыс істейді», — деді Р. Еңсебаев.

Бұл ретте онлайн режимінде жұмыс істейтін стационарлық кассалар саны - 333 мың, ал 38 мыңы - жаңа, заманауи, мобильді жобалар. 

2020 жылдың 1 қаңтарында патент негізінде жұмыс істейтін субъектілер мен бірыңғай жер салығын төлеушілерге онлайн-БКМ қолдану міндеттеледі. Бұл шамамен 513 мыңға жуық салық төлеушілер. Оның ішінде 76,6 мыңы бүгінгі таңда бақылау-кассалық машиналарды қолданып отыр. Осылайша, қазіргі таңда 436 990  патенттеушілер мен КШ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті, олармен осы соңғы екі айда БКМ есепке алу бойынша жұмыстарды жүргізу қажет. 

Қазіргі кезде бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне онлайн кассалардың 85 моделі енгізілген, оның ішінде 15 модель мобильды құрылғыларда жұмыс істейді және БКМ қойылатын заңнаманың барлық талаптарына сай келеді, сонымен қатар отандық әзірлеушілердің өнімі болып табылады. 

Сонымен қатар Р. Еңсебаев салықтан босату және КБМ қолдану бір-бірінен босатпайтынын айтты. 

«Жуырда қаржы министрі Әлихан Смайылов осы мәселеге түсінік бергенінде, шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланғанына және оларға салық салудың тоқтатылуына қарамастан, кәсіпкерлер заңнамада белгіленген талаптарды сақтау міндеттемесінен босатылмайтынын, оның ішінде БКМ қолдануы да керектігін айтқан болатын. Тағы да айта кетейін, салық декларацияларын ұсыну үшін табыс есебін жүргізу бойынша міндеттемелер тоқтатылған жоқ. БКМ қолдану сатушы үшін де, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатушылар үшін де қажет», — деді қаржы вице-министрі.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.