ArcelorMittal-мен келіссөздерді аяқтау туралы баспасөз мәслихаты

ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы келісім жасасты. Бұл туралы егжей-тегжейлі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтып берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, министр мемлекет үшін ең маңыздысы осы кәсіпорынның жұмысын және ондағы барлық 32 мың жұмыс орнын сақтап қалу, республикадағы болат құю өндірісін сақтау екенін атап өтті. Себебі Орталық Азияда 4 млн тоннаға дейін болат өндіретін мұндай алып компаниялар жоқ.

Сонымен қатар министр компанияның банк шоттарын бұғаттау туралы таралған ақпарат бойынша түсініктеме берді, жүргізілген мәміленің негізгі элементтері және кәсіпорынды одан әрі дамыту перспективалары туралы айтты.

Оған қоса Қанат Шарлапаев мәміледегі Үкіметтің рөлін және ол бойынша соңғы сома бастапқыда сұралғаннан 12 есе қалай азайтылғанын түсіндірді.

#Баспасөз конференциясы #Президенттің тапсырмасы #Өнеркәсіп

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу