Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

820 мыңнан аса қазақстандық Әлеуметтік қолдау қызметтері мен шараларының бірыңғай пакетімен қамтылады — ЕХӘҚМ ҚР Президентінің бағдарламасын іске асыру туралы

Сейсенбі, 25 Маусым 2019, 14:48:02

 

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді

 

ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының Іс-қимыл жоспарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 10 пункт жүктелген және 10 пункт бойынша министрлік тең орындаушы. 

 

Б. Сапарбаев бүгінгі күні мемлекеттің 39 зейнетақы және жәрдемақы түрлеріне кепілдік беретінін хабарлады. Өткен жылы оларды 3,8 млн адам алды, тағы 800 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды.  Әлеуметтік көмек жүйесінің негізгі міндеті - мұқтаж жандарды анықтап, оларға көмек көрсету. Әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру мақсатында 1 шілдеге дейін әлеуметтік карталарды құру бойынша жұмыстар аяқталады, бұл әрбір қазақстандық отбасы және олардың мұқтаждығын анықтау мүмкіндігін береді. Бүгінгі таңда әлеуметтік карталарды құру бойынша жұмыстар елімізде 97,1%-ға аяқталды. 

Сонымен қатар, азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетудің бірыңғай стандарттарын белгілеу мақсатында өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп Әлеуметтік қолдау қызметтері мен шараларының бірыңғай пакетін енгізу пысықталып жатыр, онда 11 көмек түрі қамтылған: 1-4 сынып аралығындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және құралдармен, балалар мен аналар үшін қоғамдық көлікте тегін жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен т.б. қамту. ЕХӘҚМ болжауынша, биыл осы көмек түрлерімен  83 млрд теңге сомасына кемінде 823 қазақстандық қамтылуы тиіс. 

Зейнетақымен қамтамасыз етуге келсек, Б. Сапарбаев атап өткендей, өткен жылдан бастап базалық зейнетақының жаңа форматы енгізілген. Нәтижесінде бүгінгі таңда орташа зейнетақы көлемі 85 785 теңгені құрайды. Жиынтық зейнетақының жыл сайын жинақталуын ескеріп, келесі жылдан бастап жұмыскерлердің пайдасына жұмыс берушілердің 5% міндетті зейнетақы жарнасын қосымша төлеуі енгізілетін болады. Осылайша, жұмыскердің зейнетақы жарналарының жиынтық көлемі 15% құрайды. 

Сонымен қатар министр «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, жыл сайын онда кемінде 530 мың адам қамтылуы тиіс. 2019 жылы Бағдарламаны іске асыруға 124 млрд теңге бағытталды. 

Биылғы жылды Елбасы жастар жылы деп жариялады. Осыған байланысты министрлік екі жобаны  — «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобаларын жүзеге асыра бастады. Ведомствоның басты мақсаты — қазіргі экономика талаптарына сай келетін мамандарды даярлау. Осы жобалар аясында жастарды тәжірибемен, «Бастау Бизнес» бағдарламасымен, қысқамерзімді кәсіптік курстармен қамту, бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген шағын несиелер мен гранттар көлемін ұлғайту қарастырылған. 

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларының іске асырылу барысы туралы айта отырып, Б. Сапарбаев қазіргі таңда көп балалы және аз қамтылған отбасылардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, осы санаттағы азаматтарды сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту және үйлердегі әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру шараларын кеңейту және күшейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. 

«Біз жұмыс орындарының құрылуына үнемі мониторинг жүргізіп отыруымыз керек. Биыл 1 маусымда біз жұмыс орындарын құрудың Интерактивті картасын іске қостық. Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп барлық 14 мемлекеттік бағдарлама бойынша біз ай сайын жаңа жұмыс орындарының құрылуын бақылап, талдау жүргізіп отырамыз. Бұл мемлекеттік бағдарламаларды құрастырғанда барлық бағыттар бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», — деп нақтылады министр. 

Еңбек нарығын жаңа сын-тегеруіндерге дайындау және жаңғырту мақсатында кадрларға қажеттілікті болжаудың үшдеңгейлі жүйесі енгізіледі. Сонымен қатар Ұлттық біліктілік жүйесін құру жалғасуда. Еңбек құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда еңбек тәуекелдеріне мониторинг жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды еңбек келісімшарттары жүйесі енгізілуде және әлеуметтік әріптестік дамытылуда. 

Көші-қон процестерін реттеу мәселесінде Қазақстанда қазір этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтаруға ынталандырудың кешенді жүйесі жұмыс істейді. Биылғы жылдың басынан бері  6 479 этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Сонымен қатар еліміздің еңбек күші көп өңірлерінен адамдар еңбек күші аз өңірлерге - оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуда. Бүгінде  900-ге жуық адам қоныс аударды. 

«Жалпы, Президенттің барлық тапсырмалары бақылауда және біз олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеміз», — деп түйіндеді сөзін Б. Сапарбаев.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.