Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Алдағы жылу беру кезеңіне дайындық үшін қазандықтарды жөндеу жұмыстарының 93% аяқталды — ҚР Энергетика министрлігі

Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019, 11:31:16

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жылыту маусымына дайындық барысы туралы айтып берді. 

С. Есімханов Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты. Осы жылдың 19 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес республика бойынша электр энергиясын тұтыну 72,5 млрд кВтс құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,7%-ға артық.

Сонымен қатар, вице-министр энергия кәсіпорындарын күзгі-қысқы кезеңге дайындау бекітілген жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ағымдағы күнге 5 энергоблокта жөндеу жүргізілді, бұл жылдық көлемнің 45%-ын, 40 қазандықты құрайды, бұл жылдық көлемнің 63%-ы және 23 турбина, бұл жылдық көлемнің 50%-ын құрайды. Жөндеудің әртүрлі кезеңінде 4 энергия блогында, 28 қазандықта және 18 турбинада жұмыстар жүргізілуде. 

«Электр желілері бойынша 21 мың шақырым электр жеткізу желілері мен 1152 шағын станцияға жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылдық жоспардың тиісінше 84% және 92%-ын құрайды», — деді С. Есімханов.

Алдағы жылыту маусымына дайындық үшін орталықтандырылған жылумен қамту аймағында 459 қазандықтың 428 қазандығына жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жылдық жоспардың 93%-ын құрайды.

Сонымен қатар, С. Есімхановтың айтуынша, бірқатар өңірлерде Жөндеу кестесінде белгіленген мерзімдердің сақталмауы және артта қалуы байқалады.

«Осы Кесте бойынша жүрмей жатқан бірнеше мысалды келтіруге болады. Мұны біз кәсіпорындарға ескерту ретінде айтамыз. Мәселен, Павлодар облысында орналасқан «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ электр станциясы. Бұл ең ірі мемлекеттік аудандық электр станциясы (МАЭС). Мұнда әкімдік, акционерлермен қатар, біздің Комитет те бақылау жасайды. Бүгінде екі блок – №5 және №8 бойынша Кестеден қалып жұмыс істеуде. Олар маусым мен тамыз айларында аяқталуы тиіс еді, алайда, өкінішке орай, тек қазан айының соңында аяқталады. Бірден айтып өтейін, МАЭС-тың жылу беруге ешқандайда қатысы жоқ, жылыту маусымы тұрғысынан ешқандай да проблема ол үшін туындамайды. Бұл энергия жүйесіне әсер етуі мүмкін болған соң атап өтіп жатырмыз», — деді вице-министр.   

Сонымен қатар, С. Есімханов станцияларда отын дайындау туралы ақпараттандырды. 

«Оңтүстік өңірлер бізде газбен жылытылады, сондықтан онда отын дайындаудың қажеті жоқ, келісімшарттар бар. «Қазтрансгаз» жеткізеді, артық сұрағы жоқ. Көмір бойынша – бізде көмірмен жылытылатын 20 ірі энергетикалық кәсіпорын бар. Қазіргі таңда осы станцияларда 4 млн тонна көмір бар. Биыл кәсіпорындар айтарлықтай жақсы жұмыс атқарды. Өткен жылмен салыстырғанда 600 мың тонна көмірге артық дайындалды», — деп атап өтті вице-министр.   

С. Есімхановтың айтуынша, мынадай нормативтер бар — көмір разрездерінен энергия көздерінің қоймаларына дейінгі арақашықтық 10-20 тәулік болуы керек. Сонымен, бүгінде барлық станциялардың көмір қоры бар. Мәселен, Өскемен ЖЭО-да көмір қоры 20 тәулікке дейін болуы керек, қазір көмір қоры 38 тәулікке жететін көлемде сақталуда. Аз ғана көмір тұтынумен сипатталатын Балқаш ЖЭО-на 2-3 айға жететін көмір жеткізілді.

Елімізде орталықтандырылған жылумен қамту жүйесімен жұмыс істейтін 460 қазандық бар. Олардың ішінде 428-і жылыту маусымына дайын. Оңтүстік өңірлердегі 30-ға жуық қазандық іске қосу мен жөндеу жұмыстарын аяқтап жатыр және қазан айының басына дейін дайын болуы керек.

Осы жылдың 19 қыркүйегіндегі жағдай бойынша энергия көздерінің қоймаларында мазут қоры 101,9 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24%-ға көп.

Энергетика министрлігі қосылған құн салығы есебімен 100 мың теңге бағамен 277 мың тонна көлемінде «әлеуметтік» мазут жеткізу кестесін бекітті.

«Жалпы алғанда, алдағы жылу беру маусымына дайындық тұрақты режимде жүріп жатыр», - деп түйіндеді энергетика вице-министрі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.