15 Қазан 2024, 17:46
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Такиев Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы баяндады.
Нұрлан Байбазаров жаңа инвестициялық циклдің басталғаны туралы хабарлады. Осы мақсатта 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді. Оның басты мақсаты – кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту және олардың негізгі капиталға түсуін ЖІӨ-ге 23%-ға дейін арттыру.
Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі журналистерді еліміздегі бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстар туралы хабардар етті. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың кешенді бағдарламасы қабылданды.
Сонымен қатар республика бүгінде жергілікті бюджеттердің тұрақты орындалуын көрсетіп отыр. Жаңа Бюджет кодексінің жобасы қазір ҚР Парламентінде талқылаудың соңғы сатысында.
Қаржы министрі Мәди Такиев өз кезегінде 2024 жылдың 9 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысын ұсынды. Трансферттерді есепке алмағанда 14,97 трлн теңге түсті, бұл жоспарланған соманың 93,2%-ын құрайды.
#Брифинг #Экономика #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу