Елімізде автожолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дрондар қолданылуда

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Игорь Лепеха 16 қыркүйектен бастап елімізде сталкинг үшін жауапкершілікті көздейтін заң күшіне енетінін хабарлап, бұл адамды жүйелі, үздіксіз әрі еркінен тыс аңдып, қудалау әрекеті деп түсіндірді. Оның айтуынша, мұндай жағдайлар жәбірленушіге қолайсыздық қана туғызып қоймай, оның салдары одан да ауыр қылмыстарға ұласуы бек мүмкін.

Сондай-ақ Игорь Лепеха автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биыл ауыр зардаптарға әкелуі ықтимал жол ережесін бұзу деректері 20%-ға артқаны, қарсы бағытқа шығу деректері 16%-ға көбейгені атап өтілді. Сонымен қатар 16,6 мың мас жүргізуші ұсталды. Жолдардағы тәртіпті сақтау үшін дрондар арқылы қозғалысқа бақылау енгізілген. Олардың көмегімен 3,6 мың жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 1 мың қарсы жолаққа шығу, 300 алдағы көлікті қауіпті басып озу  дерегі тіркелді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу