01 Сәуір 2025, 17:49
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин, ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы Айнұр Юсупова және ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембековтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Ростислав Коняшкин брифингте Қазақстанда eGov 3.0 электронды үкіметінің жаңа порталы іске қосылатынын хабарлады. Вице-министр қолданыстағы eGov порталы 2013 жылғы технологиялар негізінде жұмыс істейтінін атап өтті. Сайттың жаңартылған нұсқасы ыңғайлы әрі тұрақты болады.
Вице-министр елімізде суперкомпьютерді қалай қолданатынын да айтты. Ростислав Коняшкин суперкомпьютер әртүрлі серверлер мен сақтау жүйелерінің жиынтығы екенін түсіндірді. Есептеу машинасы GPU (Graphics Processing Unit, GPU) негізінде жұмыс істейді және нейрондық желі, жасанды интеллект моделі болып саналады. Бүгінгі таңда жабдық, алғашқы пилоттық базалық сервистер сатып алынды eGov.AI сынақтан өткізілді.
Сондай-ақ спикер мемлекеттік органдарда зияткерлік көмекшілерді толыққанды енгізу үшін үлкен ресурстар қажет екенін атап өтті. Осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше жабдықты жеткізу жоспарлануда, соның ішінде серверлер мен жасанды интеллект жабдықтарын әзірлеудегі көшбасшы Nvidia компаниясының озық шешімдері бар. Республикада азаматтар мен бизнеске арналған сервистердің ең көп санын барынша қамту үшін осы AI-агенттер мен AI-ассистенттердің картасы әзірленді.
Өз кезегінде Дамир Сейсембеков елордада байланыс сапасын жақсарту және интернет жылдамдығын арттыру жұмыстары туралы айтып берді. ЦДИАӨМ Телекоммуникация комитетінің төрағасы былтыр елордада мобильді интернет нашар жұмыс істейтін немесе мүлдем ұстамайтын 32 аумақ анықталғанын хабарлады. Бүгінгі таңда 10 орын жойылды, қос мақсатты тіректер, антенна-діңгек құрылыстары орнатылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда. Оның айтуынша, Цифрлық даму министрлігі 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Астанада 5G технологиясымен 250-ден астам базалық станса орнатылған, тиісінше, бұл да трафикті айтарлықтай түсіреді. Дамир Сейсембеков ведомство жыл соңына дейін интернет нашар жұмыс істейтін барлық анықталған аумақтарды жоюды жоспарлап отырғанын атап өтті.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу