Елімізде құрылыс материалдары өндірісі артып келеді

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, қаржы вице-министрі Дәурен Кенбейіл және Qazindustry «қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Қожахметовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Өз кезегінде Дәурен Кеңбейіл елімізде келесі жылдан бастап бизнесті тексеру жүйесі өзгеретінін айтты. Атап айтқанда, фискалды органдар сервис арқылы әрекет ететін сервистік моделге көшу жүзеге асырылады. Жалпы, салық төлеушілердің өздері жұмыс істеуге көбірек мүмкіндіктер беріледі.

Олжас Сапарбеков баспасөз мәслихатында биыл елімізде қытайлық автокөліктер жинала бастайтынын айтты. Оның айтуынша, жақын арада қытайлық Changan, Chery және Haval маркалы көліктер шығаратын зауыт іске қосылмақ. Кәсіпорын 100 мыңнан астам автокөліктің өндірістік қуатына есептеледі. 

Вице-министр автоөнеркәсіпте заңнамалық деңгейде бекітілген қарсы міндеттемелер бар екенін, оған сәйкес технологиялық операциялар мен процестерді, оның ішінде қосалқы бөлшектер өндірісін оқшаулау көзделгенін айтты.

Айдар Қожахметов республиканың құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, бүгінде бетон, темірбетон бұйымдары мен цемент бойынша отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді толығымен дерлік жабады, жылу оқшаулағыш бұйымдар, гипсокартон және құрылыс материалдарының басқа да түрлері бойынша жаңа жобалар іске асырылуда, 4-5 жылдан кейін ішкі нарықты қамтамасыз ету көрсеткіші 60-70%-ды құрайды деп жоспарланып отыр. Арматура өндірісі бойынша отандық өндірушілер ішкі қажеттіліктерді толығымен жаба алады.

#Баспасөз конференциясы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу