16 Шілде 2024, 18:37
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатына энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «Qazaq Gaz» ҰК басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
Энергетика министріне мұнай өнімдерін тұтынуды үнемдеу үшін электромобильдерге көшу, сондай-ақ көрші елдердегідей балама отын түрлерін өндіру бойынша жоспарлар сұралды. Алмасадам Сатқалиев Үкімет автокөліктерді сұйытылған отынға ауыстырудың тиімді жолын және газ саласын дамыту бойынша перспективалы бағдарлама әзірлегенін айтты. Министрлік сұйытылған газ өндіру үшін шикізат жеткізуді қамтамасыз етуге, инвесторлар мен «QazaqGaz» ұлттық компаниясына осы сынды жобаларды дамытуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Бұдан бөлек, министр АЭС құрылысы бойынша референдум қарсаңында жүргізіліп жатқан түсіндіру кампаниясының барысы туралы айтып, бұл мәселе қоғамда үлкен қызығушылық туғызып отырғанын және халықпен ашық диалог жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол ықтимал вендор – технология жеткізушісі жөнінде және жалпы атом энергетикасын дамыту туралы сұрақтарға жауап берді.
Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық препараттың клиникалық сынақтарының екінші кезеңі басталғанын хабарлап, оның нәтижелері мен қаржыландыру көзі, сондай-ақ тіркеу рәсімі туралы жоспарлармен бөлісті. Екінші кезеңде препаратты Астана, Алматы және Павлодар қалаларында қатерлі ісіктің әртүрлі түрімен ауыратын адамдарға сынақтан өткізу қарастырылған. Сондай-ақ ол студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде, орын саны үлкен қалаларда аз және аймақтарда артық екенін, оны бөлуде басымдық берілетін санаттар туралы сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Тараз су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы Үкімет қаулысының орындалу барысына тоқталды.
Санжар Жаркешов магистральдық газ құбырларын қолданысқа беру мерзімі, қаржыландыру көлемі және газ транзитін арттыру туралы сұрақтарға жауап берді.
#Брифинг #Энергетика #Ғылым #Үкімет отырысыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу