20 Мамыр 2025, 18:20
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихаты барысында Ғани Бейсембаев мектеп бағдарламасына жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне түсініктеме берді. Қазіргі уақытта 120 мың педагог жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Сонымен қатар Қытайға ресми сапары кезінде білім беру ұйымдарының басшыларына тегін біліктілікті арттыру курстарын ұсыну туралы келісімге қол жеткізілді.
Министр қазір ЖИ-ді білім беру үдерісіне интеграциялауға қатысты жеке құжат дайындалып жатқанын айтты. Ол Мәжілісте жасанды интеллект туралы Заң мақұлданғаннан кейін қабылданады.
Сондай-ақ оқу-ағарту министрі елімізде жеке білім беру мекемелерінің қызметіне бақылау күшейтіле ме деген сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде елімізде жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау енгізілуде, алайда бұл жекеменшік қосымша орталықтарға әсер етпейді, өйткені олар лицензиялауға жатпайды.
Ғани Бейсембаев сондай-ақ қазақстандықтардың мектеп оқулықтарының мазмұнына қатысты шағымдарын ескере отырып өзгерістер енгізілетінін айтты. Министр 2026 жылы Қазақстанда оқулықтардың мазмұнына шағымдар ескерілетін жаңа білім беру стандарты күшіне енетінін еске салды.
Өз кезегінде Талғат Ешенқұлов қазір республикада АЭС-ке қажетті мамандықтар үшін гранттар бөлу мәселесі қаралып жатқанын хабарлады. Ол үшін біздің техникалық университеттердің мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары зерделенеді, қажетті мамандардың саны айқындалады. Елімізде 122 жоғары оқу орны жұмыс істейді, олардың 40%-ы техникалық бағыттар бойынша мамандарды оқытады.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу