21 Сәуір 2026, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Гибрат Ауғановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Асқарбек Ертаев баспасөз мәслихаты барысында Мемлекет басшысының Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инфрақұрылымды дамыту және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бүгінгі таңда елде ерекше қажеттіліктері бар 752 мыңға жуық адам тұрады, оның 56%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 29%-ы зейнеткерлік жастағы азаматтар және 15%-ы балалар. Оларды қолдау үшін биыл мемлекеттік бюджеттен және әлеуметтік сақтандыру қорынан 1,1 трлн теңге бөлінді. Бұл қаражаттың едәуір бөлігі 1017 техникалық оңалту құралдарын жеткізуші, 785 ымдау тілі бойынша қызмет көрсетуші және 132 санаторий-курорттық ұйым тіркелген Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Ел бойынша барлығы жоғары технологиялық жабдықтары бар ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 33 оңалту орталығы жұмыс істейді. Соңғы 2 жылда Семей, Тараз, Кентау және Орал қалаларында 4 жаңа орталық ашылды. Осы жылдың мамыр айында Атырау қаласында тағы 1 орталық ашылады. Сонымен қатар 7 орталық бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылысты бастау жұмыстары жүргізілуде. Менталды ауытқулары бар балаларға ерекше назар аударылуда. 1825 адамға аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған 15 мамандандырылған орталық жұмыс істейді.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу