05 Мамыр 2025, 17:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің басшысы Азамат Панбаев және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Азамат Панбаев баспасөз мәслихатында Қазақстанның бай шикізат әлеуеті химия өнеркәсібінде жаңа өндірістерді іске қосуға жағдай туғызатынын атап өтті. Бүгінгі таңда салада 49 жоба іске асырылуда, негізгі бағыт – мұнай және металлургия салалары үшін өнімдер шығару.
Ведомствоның мәліметінше, 2035 жылға дейін химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр.
Әсет Мағауов Атырау МӨЗ жекешелендіру мәселесіне қатысты түсіндірме жауабын берді. Оның айтуынша, бұған дейін БҚДА жанындағы жұмыс тобы мемлекеттік секторды реттеу мәселелерін қараған болатын. Топтың ұсыныстарының бірі өндіруші және мұнай өңдеу активтерінің мемлекеттік үлесін азайту болды. Әзірге жұмыс тобының ұсыныстары бойынша түпкілікті шешімдер қабылданған жоқ.
Ол сондай-ақ МӨЗ-ді жаңғыртуға қосымша инвестиция салу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, 2008 жылы жаңғырту кезінде хош иіс шығаруды К-4, К-5 кластарына сәйкестендіруді арттыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар белгілі бір объектілер қосымша инвестицияларды талап етеді, өйткені жыл сайынғы ағымдағы күрделі жөндеуден үш жылдық жөндеу аралық кезеңге көшу міндеті тұр, осы мәселеге байланысты аудит жүргізілді. Қазір бұл қанша қосымша қаражатты қажет ететінін бағалау маңызды. Қаражат зауыттың ағымдағы қаржылық қызметі шегінде жинақталатын болады. Қажет болған жағдайда қарыз қаражаты тартылады. Бұл процестің инвестор тарту мәселесіне қатысы жоқ екені айтылды.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу