21 Шілде 2026, 18:30
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ президенті Қайрат Еламановтың және Қазақстандық автомобиль одағы президенті Анар Мақашеваның қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Ерсайын Нағаспаев қазіргі уақытта елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Өткен жылы екі ірі автомобиль зауыты — KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan пайдалануға берілді, олардың құрылысына салынған жалпы инвестиция көлемі 346 млрд теңгеден асты.
2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автомобильдер өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін ұйымдастыру, SITRAK пилотсыз сүйрегіштерін шығару, сондай-ақ BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты қуаттау стансаларының желісін дамыту көзделіп отыр.
#Баспасөз конференциясыҚазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу